Ағымдағы жылдың 15 қарашасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Риддер қ. білім басқармасының ұйымдастыруымен  Мәдениет үйінде жоғарғы сынып оқушыларына арналған "Стенд-моб" іс-шарасы  өткізілді. Аталған бағдарлама шеңберінде Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ атынан келесі құрамдағы делегация іс-сапары ұйымдастырылды:

  • Татьяна Михайловна Кумыкова - «Технологиялық машиналар мен көлік» кафедрасының профессоры;
  • Евгений Владимирович Варавин - бөлімі «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының доценті;
  • Виктор Эвальдович Краузе -  «Инженерлік кәсіпкерлік» кафедрасының  аға оқытушысы;
  • Дәулет Асанович Асанов - «Түсті және сирек металдар металлургиясы» кафедрасының меңгерушісі;
  • Әсел Темірбайқызы Ақылбаева - «Геология және тау-кен ісі» кафедрасының аға оқытушысы.

"Стенд-моб" шарасының ашылуында Д.А. Асанов  оқушылар алдында университет туралы, техникалық білім алудың артықшылықтары, ағылшын тілінде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары жайында сөз сөйледі.

Іс-шараның ресми бөлімі аяқалған соң оқушыларды университетімізде білім алуға тарту мақсатында әңгімелесу жүргізілді, университет жайлы ақпарат таратылды, университет сайтының мүмкіндіктері, іскери кафедрасы, заманауи жатақханалары  жайында  ақпарат ұсынылды.

Даулет Асанов,
"Түсті және сирек металдар металлургиясы"