«Рухани жаңғыру»  ;Бағдарламасы аясында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ бас ғимаратының алдында «Жемқорлықсыз болашақ» ұранымен «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өткізілді. Ірі іс-шараны ұйымдастырушылар қатарынан Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ,  Өскемен қаласы  әкімдігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігі, «Нұр Отан» ХДП табылды.

Іс-шара барысында «Адал жол – Честный путь» кітабын қала әкімінің орынбасары Ольга Булавкина Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Дулат Кожановқа салтанатты табыстауы өтті.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін қала басшылығынан алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шара соңында студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі бірліктің символы ретінде аспанға ақ шарлар ұшырды.