Адам бол! Е.И Григорьев және Абай. Бүгін осындай атаумен халықаралық онлайн «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шара Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, абайтанушы Евгений Григорьевтің 90 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылды. 

Жиынды ашып,  сөз сөйлеген Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ бірінші проректоры Сәуле Рахметуллина, ұлы ақын мерейтойына орай университет қабырғасында ұйымдастырылған танымдық іс-шаралар жайында айтып берді. Сонымен қатар, Евгений Ивановичтің Абайдың әлеуметтік идеяларын танып-білуге және дәріптеуге қосқан үлесін атап өтті. 

Халықаралық «дөңгелек үстелге» ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттер, ғылыми қызметкерлер, және Григорьев Евгений Ивановичтің шығармашылығына қызығушылық танытқан жандар қатысты.  

Саясаттану ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры,  ҚХА ҰЭЖ мүшесі, ХАА академигі Наталья Калашникова "Современное прочтение Абая: наука, милосердие, историческая память" баяндамасын жасады.   Заң ғылымдарының докторы,  профессор Сергей Ударцев «Абай: открывающий новый исторический горизонт» баяндамасында қазақ қоғамының даму тарихындағы ақынның рөлін айқындап берді. Тарих ғылымдарының кандидаты, қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының бас менеджері, қауымдастырылған профессор Зулейха Марданова Қазақстан этностар өкілдерінің Абай туралы айтқан ойларын жеткізіп берді. 

Сонымен қатар, іс-шарада  Е.И Григорьевтің замандастары -  әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Тыныштық Қалдыбаева өзінің естеліктерімен бөлісті. 

«Айта кету керек, Адам бол! Е.И Григорьев және Абай» халықаралық «дөңгелек үстеліне» АлтМУ шығыстану кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. д., профессор, "Қазақстандық жол және Н. Назарбаев" кафедрасының меңгерушісі Юлия Лысенко, филология ғылымдарының докторы, профессор, Таулы-Алтай мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Павел Алексеев және тағы басқалары қатысты. 

Қатысушылардың назарына Е.И.Григорьевке арналған деректі фильм ұсынылды.