25 қарашада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Біз ЖИТСке қарсымыз!» атты акция өткізілді, ол акция 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне сәйкес халықтың хабардар болуын  арттыру және ауруға қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты паш ету мақсатында өткізіліп отыр. Бұл іс-шараны Шығыс Қазақстан аймақтық ЖИТС бақылау және оның алдын алу жөніндегі орталық пен ШҚО Қызыл Жарты Ай қоғамы бірлестігінің қолдауымен ШҚМТУ-дың Жоғарғы Жастар Парламенті өткізді.

Науқанның барысында белсенділер бағдарлама құрып, ойындар, викториналар, презентациялар, бейне-роликтер, ақпараттық буклеттер мен контрацептивтерді таратты. Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және бақылау мәселелерін атап өтті, сондай-ақ студенттердің назарын аударту үшін университеттің кіре беріс жерінде түрлі-түсті ақпаратты плакаттар орналастырылды. Және де іс-шара кезінде түрлі қызықты зияткерлік және спорттық ойындар болды, барлық қатысушыларға сыйлықтар берілді. Сонымен қатар, ШҚМТУ-дың студенттері түрлі ауруларды анықтау үшін қан тапсырды. Осындай шаралар студенттерді салауатты өмір салтына ынталандыру үшін болашақта да өтеді. Сол күні бізбен бірге болған барша қауымға рахмет айтамыз!

Ринат Теміржан,ТЖ және ҚД басқарма басшысы,
Алмаз Кабдрахманов, Жоғары жастар Парламентінің төрағасы