Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да "Есірткісіз болашақ!" ұранымен жастар арасында есірткіні қолданудың алдын алуға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акция өтті.
Іс-шараны Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма төрағасы - ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы кіріспе сөзімен ашты. Кездесуде Esirtkisiz Bolashaq штабының басшысы Ляйля Төлеубекова, ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қалиақпаров Мәди Маратұлы, "Ұлағат" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы, Өскемен қаласының наркология бөлімінің басшысы Кискина Гүлмира Талғатбекқызы, ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Ринат Ермекұлы Икласов сөз сөйледі. Тренинг барысында студенттерге тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін құқықтық жауапкершілікті, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіретінін жіті түсіндірді. Сонымен қатар, "Esirtkisiz Bolashaq" жобасының жетекшісі Ақтаев Жандос студенттермен бейне сұхбат жүргізді.
Айта кету керек, "Есірткісіз болашақ!" жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға ғана емес, есірткінің зияны туралы хабардар етуге, есірткі қылмысы үшін жауапкершілікті атап көрсетуге және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Студенттер мен басшылардың осындай іс-шараларға қатысуы нашақорлық мәселесін кеңінен талқылауға және оның зияны туралы ақпаратты жеткізуге ықпал етеді.