5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні. Осы күні тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы өмір есігін ашқан. Ұлт ұстазы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Осы күннің мерекелік күнге ауыстырылуы - Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының еңбегіне жасалған құрметтің бір белгісі.
Алаш азаматының бұл жолғы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, әрине, алдымен Қазақ елінде кең ауқыммен тойланып жатыр.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті гуманитарлық білім беру факультетіне қарасты қазақ және орыс тілдері кафедрасы «Тілім менің тұмарым» атты ашық дәріс өткізді. Осы ашық дәрісте «Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Джақсылықов А.Ф., ф.ғ.к. Асавбаева Г.Б., ф.ғ.к. Сагитжанова З.Т., кафедра оқытушылары Есимжанова Г.Т., Байбатанова Ф.И Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы, өмірлік ұстанымы, оның қоғамдық саяси істері жайында мағлұматтар берді, сонымен қатар «Абай клубының» мүшесі, жас ақын Нұсқау Сағдат Ахмет атамызға арнап өзінің төл туындысын тарту етті.
Университетіміздің ғылыми кітапханасы «Ахмет Байтұрсынұлы - 150 жыл» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.