Құрметті университет студенттері, жас ғалымдары!
Жастардың айрықша еңбектерін ынталандыру және бағалау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығына жастардың арасында сайыс жарияланады.
Сыйлық 7 номинация бойынша беріледі:
- «Жылдың жас көшбасшысы»;
- «Жылдың студент көшбасшысы»;
- «Жылдың кәсіпқой»;
- «Жылдың жастар ұйымы»;
- «Жылдың жас журналисі»;
- «Жылдың жастар акциясы»;
- «Жас отбасы».
Барлық құжаттарды Жастар ісі жөніндегі комитетіне (Г-1-201 ауд.) немесе Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі басқармасына (Г-1-202 ауд.) 2015 жылғы 18 қарашаға дейін тапсыру керек.
Қосымша ақпаратты Жастар ісі жөніндегі Комитетінде алуға болады (Г-1-201 ауд., тел.: 540-048).