Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың 32 білім беру бағдарламалары САААЕ халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті.
2024 жылғы 12 маусымда Орталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығының (САААЕ) Аккредиттеу Кеңесінің отырысы өтті.
7 жыл мерзіміне аккредиттелген БББ:
- 6B06201 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
- 6B07202 «Пайдалы қазбаларды байыту»
- 6B07302 «Геодезия және картография»
- 6B07204 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау»
- 7M07202 «Пайдалы қазбаларды байыту»
- 7M07204 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау»
- 7M07107 «Көлік, көліктік техника және технологиялар»
- 8D07202 «Металлургия»
- 8D07201 «Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау»
5 жыл мерзіміне аккредиттелген БББ:
- 6B07103 «Жылу энергетикасы»
- 6B07501 «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)»
- 6B04103 «Өндіріс жүйелерін бизнес-басқару»
- 6B04108 «Экономика және менеджмент»
- 6B11301 «Тасымалдауды,қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»
- 6B08301 «Орман ресурстары және орман шаруашылығы»
- 6B06103 «Математикалық және компьютерлік модельдеу»
- 7M07313 «Құрылыс»
- 7M07103 «Жылу энергетикасы»
- 7M04103 «Инновацияның экономикасы»
- 7M04105 «Индустриалдық менеджмент»
- 7M04108 «Қаржылық талдаушы»
- 7M07108 «Көлік, көліктік техника және технологиялар»
- 7M05401 «Математика»
- 7M07302 «Геодезия»
- 7M06103 «Математикалық және компьютерлік модельдеу»
- 8D07102 «Машина жасау»
- 8D07101 «Автоматтандыру және басқару»
3 жыл мерзіміне аккредиттелген БББ:
- 6B07311 «Инженерлік жүйелер мен желілер»
- 6B11302 «Логистика (Көлік)»
- 6B07303 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру»
- 6B11303 «Жол қозғалысын ұйымдастыру»
- 8D07104 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары»
Сарапшылар жоғарыда аталған білім беру бағдарламаларының келесідей озық тұстарын атап өтті: EUR-ACE® Label Инженерлік білім беру сапасының еуропалық белгісінің болуы (бірқатар білім беру бағдарламалары бойынша), академиялық ұтқырлық, бірлескен (7M04105 «Индустриалдық менеджмент») және / немесе қос дипломды білім беру бағдарламасы (6B06103 «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 6B04103 «Өндіріс жүйелерін бизнес-басқару»), жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, шақырылған шетелдік ғалымдар, бірегей жабдықтары бар заманауи материалдық-техникалық база (VERITAS артықшылық орталығы, Smart engineering құзыреттілік орталығы, INDUSTRIAL AI құзыреттілік орталығы, «Лу Бан шеберханасы», Құрылыс саласындағы құзыреттілік және технологиялар трансфері орталығы), дуальды білім беру элементтері бар кәсіпорындардың филиалдарында оқыту мүмкіндігі.
Сондай-ақ студенттер «Инженерлік білім беру көшбасшылары» жобасында оқи алады (ол көшбасшылық дағдыларды, IT-құзыреттіліктерді, білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға және дамытуға, жүйелі ойлауға, барлық талдамалық көріністі қалыптастыруға және идея сатысынан өндіріске дейінгі өнімді дербес әзірлеуге бағытталған). Бұл жоба кәсіпорынның стипендиялық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік береді, ол өндірістік тәжірибеден өтуді, содан кейін жұмысқа орналасуды қамтиды. Магистранттар мен докторанттар халықаралық зерттеу топтарының құрамында гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобаларын, коммерцияланатын жобаларды іске асыруға қатысады және шетелдің үздік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Білім алушылар мен ПОҚ, білім беру бағдарламаларының жетекшілерін, мектеп басшылығын, университет ұжымын мамандандырылған аккредиттеу рәсімінің сәтті аяқталуымен және халықаралық аккредиттеу мәртебесін алуымен құттықтаймыз.
Білім беру бағдарламаларының сапасын одан әрі арттыруда және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда табыс тілейміз!
Даму стратегиясы және сапаны қамтамасыз ету басқармасы