Akmaral1 Akmaral2 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына, Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің республикалық конкурсында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың «Экономика» мамандығының бірінші курс студенті Ақмарал Ермұханбетова жеңімпаз атанды.

Бұл оның бірінші жеңісі емес.Бастауыш кластардан бастап Ақмарал қазақ, орыс тілдерінен, математикадан өткен қалалық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері, «Русский медвежонок» байқауының, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған облыстық шығарма байқауының жеңімпазы болып табылады.

Ақмарал Ермұханбетованы кезекті табысымен құттықтап, оқуда үздік болуын тілейміз!