Депутаттық қызмет аясында және ғылым мен инновацияларды дамытудың өзекті күн тәртібін іске асыру шеңберінде басқарма төрағасы – Ректор Рахметуллина С.Ж. университет ұжымымен, оның ішінде жас қызметкерлермен, құрылымдық бөлімшелер мен құзыреттілік орталықтарының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу форматы дәстүрлі отырыс ретінде емес, университеттің ғылыми қауымдастығымен ашық диалог түрінде ұйымдастырылды. Онда ғылыми қызметтің нәтижелілігін арттыру, қолданбалы зерттеулерді дамыту және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жас ғалымдар мен мамандарды инновациялық жобаларды іске асыруға тартудың және тұрақты ғылыми-инженерлік экожүйені қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Талқылау барысында 2025 жылға арналған Құзыреттілік орталықтарының қызмет нәтижелері және негізгі тиімділік көрсеткіштерінің (KPI) орындалуы қаралды, оның ішінде: «Қорғаныш және функционалдық жабындар» ғылыми орталығы (жетекшісі - Магазов Н.), «Smart engineering» құзыреттілік орталығы (жетекшісі – Қалиев Д.
Зерттеулердің тәжірибеге бағытталған сипатын күшейту, өнеркәсіптік серіктестермен өзара ынтымақтастықты кеңейту және ғылыми әзірлемелерді экономиканың нақты секторына енгізу тетіктерін дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында мемлекет дамуына қатысты жаңартылған конституциялық тәсілдер аясында ғылымға, инновацияларға және технологиялық прогреске елдің тұрақты дамуының негізгі қозғаушы күштері ретінде айрықша мән берілетіні атап өтілді. Бұл басымдықтар университет ғылымы үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және ұлттық инновациялық жүйеге интеграциялануына жол ашатыны айтылды.