Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің екінші курс студенті Алдияр Рауанұлы Серіков «ТМД-ның 100 үздік студенті» қатарына енді.

Алдияр «Көліктік машина жасаудағы смарт-технологиялар және жасанды интеллект» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Білім мен ғылым саласындағы жоғары жетістіктері, шығармашылық ізденістері және қоғамдық белсенділігі үшін оның есімі «ТМД-ның 100 үздік студенті» халықаралық журналына енгізіліп, Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, Алдияр Халықаралық инженерия мектебінің лидері ретінде студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және университеттегі студенттік өмірді жандандыруға үлес қосып келеді.

Бұл жетістік — табанды еңбектің, білімге деген ұмтылыстың, бастамашылдық пен көшбасшылық қасиеттердің нәтижесі.

Алдияр Серіковті лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Оған жаңа жеңістер, жарқын идеялар мен университетіміздің абыройын асқақтататын толағай табыстар тілейміз!