9 мамырда Жеңіс Күнін атап өтеміз! Әрбір қазақстандық отбасы үшін бұл айтулы оқиғамен тығыз байланысты. 2020 жылдан бастап біз университетіміздің «ШҚТУ Жеңіс альманахы» бірегей жобасын іске қостық. Биыл біз жобамыздың форматын сәл өзгертіп, интерактивті түрде жасауды жөн деп таптық. Әлеуметтік желіде жариялауға тұрарлықтай «Менің отбасым – майдан және тыл қаһармандары!» деген жалпы тақырыпта пост стилінде, шағын әңгіме жазып немесе шағын бейнебаян түсіре аласыз.

Өкінішке орай, бүгінгі таңда арамызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары жылдан жылға азайып барады, сондықтан осы қайғылы оқиғаға қатысушының әрбіреуі біз үшін нағыз қаһарман.

Материалдарыңызды MAmrinova@ektu.kz электрондық поштасына жіберулеріңізге болады, материалдардың авторлары өздері туралы толық ақпарат беруі қажет: аты-жөнін, қызметкерлер өз бөлімін, студенттер тобын және міндетті түрде телефон нөмірлерін көрсету.

Аталарымыз бен үлкен аталарымыздың ерліктерін есімізде бірге сақтайық!