2023 жылдың 10 сәуірі күні Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында «EKTU RnD FORUM-2023» өтеді.

Форум ғылым мен бизнес саласындағы халықаралық, қазақстандық сарапшыларды бір алаңда біріктіреді. Бағдарлама бойынша жоғары оқу орындары мен индустрия, ғылым интеграциясы, бизнестің RnD арқылы байланыс орнатуы көзделген.

Спикерлер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Дүниежүзілік банк, "Ғылым қоры" АҚ, "QazInnovations" инновацияларды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттігі" АҚ тарапынан кәсіпорындар мен университеттер үшін RnD қолдау тетіктерін жариялап, Қазақстанның табысты RnD кейстерін талдайтын болады.

Форум Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының Вице-Елшісі Холгар Коллидің, "Қазмырыш" ЖШС, "ҮМЗ" АҚ, "ОХМК" ЖШС, "Силумин-Восток" ЖШС, "Кэмонт" АҚ, "ДИМ Строй" ЖШС және т.б. жетекші компаниялары, ҚР университеттері өкілдерінің қатысуымен өтеді.

Форум ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қоюмен аяқталады.

Форумға жеке және ZOOM-конференция арқылы қатысуға болады.

  • ZOOM-конференцияға сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/86590961564?pwd=S2VJOXBrWVRWM25zRVpvSDN6NWhBdz09
  • Конференция идентификаторы: 865 9096 1564
  • Кіру коды: 049795

Уақыты: 13:30-ден 18:30-ға дейін.

Өтетін орны: ШҚО, Өскемен қ., Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, Серікбаев к., 19 (Бағаналы зал).