9-мамыр мерекесі қарсаңында ШҚТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов және бірінші проректор Сауле Рахметуллина университеттің бұрынғы қызметкері, соғыс ардагері Гавриил Васильевич Одинцовты Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

95 жастағы ардагер бұған дейін ШҚТУ-да көптеген жылдар бойы студенттерге тарих пәнінен сабақ берді, кітаптар, очерктер, естеліктер жазды.

Гавриил Васильевич 4-ші Украина майданының соғыс қимылдарына қатысқан. Ол соғыстың барлық әйгілі шайқастарына, Польша, Германия, Чехословакиядағы шайқастарға, украин фашистеріне қарсы күреске болды. Жеңісті Прагадан 75 шақырым жерде қарсы алды. Тек 1946 жылдың мамыр айында ардагер өзінің жауынгерлік жолын аяқтады. Қызыл жұлдыз және Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Бейбіт уақытта Гавриил Васильевич тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесімен қатар, ғылым кандидаты дипломын алды.

Кездесу барысында ардагер университетте жұмыс істеген жылдарды жылы шыраймен еске алып, барлығына алғысын білдірді.