Қазіргі археология – бұл тек қазба жұмыстары мен музей экспонаттары ғана емес, сонымен қатар заманауи технологиялар, ғылыми эксперименттер және мыңдаған жылдар бойы жасырын жатқан өткенді «көруге» мүмкіндік беретін ғылым.
9 сәуір күні Ғылым апталығы аясында тарих ғылымдарының кандидаты, Center for Archaeological Science and Technology орталығының жетекшісі Зайцева Ольга Викторовна және тарих ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер Водясов Евгений Вячеславович «Алтын Алтай» музейінде №39 орта мектептің 11-сынып оқушыларына арналған «Шаңсыз археология: ежелгі технологиялар және цифрлық жаңалықтар» атты ғылыми-интерактивті іс-шара өткізді.
Іс-шара форматы қатысушыларды практикалық тұрғыдан тартуға бағытталып, археологиямен тәжірибе, диалог және заманауи зерттеу тәсілдері арқылы танысуға мүмкіндік берді.
Іс-шара бағдарламасында:
- жай көзге көрінбейтін бөлшектерді анықтауға мүмкіндік беретін жартас суреттерін талдаудың цифрлық әдістерін көрсету;
- қола дәуірінің техникасы мен мотивтерін қолдана отырып бейнелер жасау бойынша шеберлік сабағы;
- Шығыс Қазақстандағы металлургияның дамуы және оның шамамен төрт мың жыл бұрын қоғамға әсері туралы ғылыми-көпшілік шолу ұсынылды.
Қатысушыларға еркін форматтағы интерактивті қарым-қатынас ерекше қызығушылық тудырып, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, кәсіби жауаптар алды.
Ғылыми интерактив ғылым, білім және цифрлық технологияларды интеграциялаудың археологиялық білімді танымал етудегі маңыздылығын көрсетіп, сондай-ақ оқушылардың зерттеушілік қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.