"ARQA" аккредиттеу агенттігінен мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде №2 аккредиттеуден кейінгі мониторинг сәтті өтті!

12 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде аккредиттеуден кейінгі мониторингтен (АКМ-2) («ARQA» білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі) сәтті өткенімен құттықтаймыз:

  • 6В06103 «Математикалық және компьютерлік модельдеу»
  • 7М06103 «Математикалық және компьютерлік модельдеу»
  • 7М05401 «Математика»
  • 6М07106 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)»
  • 6В07102 «Машина жасау»
  • 6М07104 «Электр энергетикасы»
  • 7М07104 «Электр энергетикасы»
  • 6В07303 «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»
  • 7М07303 «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру»
  • 6М07305 «Құрылыс»
  • 6М07103 «Жылу энергетикасы»
  • 7М07103 «Жылу энергетикасы»

«ARQA» білім беру сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігі білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүзеге асыру арқылы білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2015 жылы құрылған коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым болып табылады. ARQA сыртқы серіктес ретінде Қазақстан Республикасының оқу орындарын аккредиттеу жүргізу арқылы сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін дамытуға ұмтылуда қолдайды.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасай отырып, ARQA білім беру ортасында сапа мәдениетін арттыруға жәрдемдеседі және қазақстандық білім беру жүйесіне деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.

«ШҚТУ» КЕАҚ БББ 12 бойынша АКМ-2 есептерін талдау кезінде ARQA оқытудың мазмұны, нысандары мен әдістеріндегі және ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын жақсартудағы оң өзгерістерді атап өтті.

Білім беру бағдарламаларының жетекшілеріне ARQA-да АКМ-2 дайындығы және сәтті өтуі үшін Алғыс білдіреміз!

Біздің БББ-ны дамыту мен жақсартуда одан әрі табыс тілейміз!

Даму стратегиясын
және сапаны қамтамасыз ету басқармасы