Жоғарғы техникалық колледжде 17-ОП-1к  тобында наурыз мейрамына қарсы «Қызықты физика» Интелектуалды ойыны өткізілді. Сабақты оқытушы  Советбекова М.Б.  жүргізді. Бұл  сабақ студенттерді логикалық ойлауға, жылдам шешім қабылдауға үйретті. Бұл ойынның ең қызық бөлімі студенттердің әйгілі мультиктерді қазақша сөйлеткені болды.

Ашық сабаққа директордің м.а - Матаева Г.У. қатысты. Ол бұл сабақтың қызықты өткенін атап өтті. Бірінші орынға «Эврика» тобы ие болды.