Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті АҚШ-тың Астанадағы Елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі атташесі Colin Guard-ты қабылдады.

Ресми сапар аясында университет басшылығымен кездесу өтті. Кездесу барысында ғылым, инновациялар және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар ғылыми зерттеулер саласындағы әріптестікті кеңейту, академиялық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

Colin Guard университетте жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары және инновациялық бастамалармен танысты. Сондай-ақ студенттер мен жас ғалымдарды қолдау, зерттеу әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Сапар бағдарламасы аясында қонақ университеттің ғылыми-зерттеу зертханаларын аралап, олардың заманауи материалдық-техникалық базасымен және жүргізіліп жатқан жобалармен танысты. Зертханалардағы жұмыстар жоғары бағаланып, олардың өңірлік және халықаралық ғылымды дамытудағы маңызы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар білім беру мен ғылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді. Мұндай сапарлар халықаралық әріптестікті нығайтуға және университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.