Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтың ұлы Мұрат Әуезовпен кездесу болды. Онымен бірге даңқты қазақ қайраткерінің ұрпағы Диар Қонаев болды.

Мұрат Әуезов ЖОО студенттері мен оқытушыларына  әрқилы тақырыпта әңгіме айтып, өз шығармашылығын бағалаушылар сұрақтарына жауап қайтарды.  Жазушы Ертііс бойы руханият пен мәдениеттің терең тамыр жайған жері, ХІХ ғасырда мұнда қуғындалған қайраткерлер талай тамаша дүние жазғанын, мұнда Абай мен Мұхтар Әуезов өмір сүргенін айтты.

Меймандар ШҚМТУ-дың тарихи мұражайымен танысты. Кездесу соңында ректор Нұрлан Темірбеков Мұрат Әуезовке Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың Құрметті профессоры атағы берілгенін хабарлады.