Бүгінгі тренинг тақырыптары:

  • "ШОБ субъектілеріне қатысты мемлекеттің салық саясаты» тақырыбымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің бизнесті ашуға және жүргізуге қойылатын талаптары, салық салу режимдері мен салық есептілігінің нысандары туралы білесіз. Спикер: ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Гүлмира Камильевна Сабралимова.
  • "Шағын және орта бизнеске банктік қызмет көрсету" тақырыбында бизнесті сауатты ұйымдастыру мен дамытуға арналған Негізгі банктік өнімдер туралы, мобильді және интернет-банкинг туралы, несиелеу бағдарламалары және ШОБ үшін басқа да банктік өнімдер туралы, Инвестициялар және сауатты қаржылық басқару туралы білесіз. Спикер: "Отбасы банк" АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары Раушан Рамазанқызы Әжбенова.

Әр бейсенбі күні сағат 16.30-да, Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 19, бірінші қабат, Г-1-101 (ғылыми кеңес залы) мекен жайы бойынша өңірдің үздік мамандары тренинг өткізеді.

Жас кәсіпкер мектебінің ұйымдастырушыларына алғыс айтамыз: ШҚО бойынша "Атамекен" ҰКП Өңірлік іскер әйелдер кеңесі, "Авангард инфо" ақпараттық-консалтингтік компаниясы, ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы