13 қарашада Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT колледжінде кәмелетке толмаған білім алушылардың қауіпсіздігі, денсаулығы және әл-ауқаты мәселелеріне арналған ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында мынадай өзекті мәселелер қаралды:

  • жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы және отбасы мен колледждің жауапкершілігі;
  • буллингтің, кибербуллингтің, дропперліктің, физикалық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу;
  • жасөспірімдердің эмоционалдық әл-ауқаты, мінез-құлқындағы алаңдатарлық өзгерістерді дер кезінде анықтау және қажетті қолдау көрсету;
  • білім алушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы және білім беру процесіне белсенді араласуы мәселелері бойынша ата-аналар мен колледждің өзара іс-қимылы.

Балаларды тәрбиелеудегі, қауіпсіз орта қалыптастырудағы және педагогикалық ұжыммен байланысты нығайтудағы отбасының рөліне ерекше назар аударылды.

Әр баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты — біздің ортақ жауапкершілігіміз!