Бүгін Ақпараттық технологиялар және интеллектуалды жүйелер мектебі «Студенттердің қауіпсіз өмірі» тақырыбында бірінші курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге мектеп деканы Құмарғажанова С. Қ., декан орынбасары Жомартқызы Г., Үлбі полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Иксанов Б.Т. және Жақсыбаева Д.М., ішкі қауіпсіздік қызметінің басшысы Оразбаев Ғ.А., жастар саясаты және әлеуметтік-мәдени қызмет бойынша басқарма басшысы Жанабаева Г.Н., университет психологы Жарасбаева Н.К., университет аға педагогы-тәрбиешісі Кусаинов Б.М., жастар саясаты және әлеуметтік-мәдени қызмет бойынша басқармасының бас маманы Амринова М.С. қатысты.
Кездесу барысында келесі сұрақтар талқыланды: студенттердің құқықбұзушылығы барысындағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі, Жатақханада өмір сүрудегі ішкі тәртіп, Студенттердің психологиялық саулығы және ақпараттық қауіпсіздігі.
Іс шараға мектеп аға кураторы Ерсаинова Ж.Е. да қатысты.
Әріптестеріміз Нұргүл Жарасбаева Қазбекқызына, Оразбаев Ғалымбек Армиянұлына, Жаңабаева Гүлнар Нұртасқызына алғыс білдіреміз.