Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің басқарма төрағасы – ректор Жасұлан Шаймарданов Қазмедиа алаңында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасына қатысты. ШҚТУ ректорымен бірге ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Бану Нарбекова, Yessenov University президенті Берік Ахметов және ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Байжұман Қашқынбаев қатысып, пікірлерін ортаға салды.
«Ашық алаңда» жоғары білім беру саласындағы реформалар, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, академиялық артықшылық орталықтарын құру сынды сұрақтар талқыға салынды. Сонымен қатар, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының бес филиалын құру мәселесі де сөз болды.
"Ашық алаң" бағдарламасының толық нұсқасын төмендегі сілтемеден көруге болады.