31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Юбилейный кинотеатрында қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туралы жаңа фильмнің тұсауы кесілді.

Халыққа лық толы кинотеатрда ине шаншар жер болмады. Өскемен қаласы әкімдігі фильмнің сценарийінің авторы, продюсеры Ғалым Доскен мен басты рольдегі актерлармен кездесу ұйымдастырды. Бұл шараға біздің университеттің қызметкерлері де қатысып, фильмнің көрермені болды.

«Соңғы үкім» деп аталатын бұл фильм, толықметражды тарихи драма ұлт ұстазының күреске толы тағдырының мәлім де беймәлім қырларын паш етті. Кинотуынды ғалымның ұлтын ояту мен қараңғылық бұлтын сейілту жолындағы ұшан теңіз еңбегін бейнелейді. Басына небір қиындық түссе де, аласапыран заман тезінен адамшылық қалпын жоғалтпай өткен ұлы гуманист-күрескердің өмірін суреттелді.

Бұған дейін 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінде ешкім де дәл осылай сонау зұлмат кезеңнің ауырпалығын көз алдыға елестетіп, көзге жас алмаған болар. Фильм өте әсерлі шыққан, жүрекке жеткізе ойнаған кейіпкерлердің рөлін сомдаған актерларға ризашылығымызды білдіреміз!