Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мен ШҚТУ 27943 әскери бөлімі өкілдері әскери кафедрада офицерлердің запастағы бағдарламасы бойынша толық курс өткен студенттермен кездесу өткізді. Бұл іс-шара кәсіби бағдар беру жұмысын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Кездесуге Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері департаментінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, майор Ж.А. Сатыбалдиев, Өскемен қаласының қорғаныс істері басқармасының бастығы, подполковник К.А. Мусапиров, 27943 әскери бөлімінің 1-ші мотострелковы батальонының ВСПР жөніндегі орынбасары, майор С.М. Актаев, сондай-ақ 3-ші мотострелковы ротасының ВСПР жөніндегі орынбасары, лейтенант Т.А. Тайгулов қатысты.
Кездесу барысында запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру тәртібі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі қызметтің болашағы мен мансаптық өсу мүмкіндіктері жөнінде тың ақпарат берілді. Қатысушылар әскери қызметшілердің қаржылық және басқа да қамтамасыз етілуі, сондай-ақ олардың әлеуметтік қорғау мәселелері туралы да сөз қозғады.
Әскери қызметтің болашағы жастар үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтарға тек кәсіби дағдылар мен тәрбие ғана емес, әлеуметтік қолдау да көрсетіледі. Әскери қызметшілердің мансаптық өсуі, білім алу және отбасыларына әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Бұл өз кезегінде болашақ офицерлер үшін әскери қызметтің тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Қорыта келе, қазіргі таңда әскери қызмет болашағы зор, жастар үшін кәсіби тұрғыда өсіп, мемлекет үшін қызмет етуге мүмкіндік беретін маңызды сала болып табылады.