Тілшілер қауымы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасындағы бірегей «Лу Бань шеберханасы» оқу орталығын аралап, жұмысымен танысты.

«Лу Бань шеберханасы» «Автомобильдердің инновациялық конструкциясы» және «Автомобильдердің SMART технологиясы» сияқты екі зертханадан тұрады. Орталықтың бір ерекшелігі - мұнда студенттер практикалық дағдыларды меңгеріп, автомобиль жүйелеріне симуляциялық сынақ жүргізе алады. Сондай-ақ орталықта электромобильдер мен гибридті көліктерге техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау үшін жаңа технологияларды игеру ісіне айрықша мән беріледі.

Университет қонақтарына жол қозғалысын интеллектуалды тұрғыда ұйымдастыруға арналған SMART-үстелмен таныстырды. Сонымен қатар, гибридті автомобильдерді, электромобильдерді және оларды қуаттау принциптерін үйренуге арналған оқу стендтерімен танысты.

Кездесу барысында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Машекенова Асия Хасенқызы мен Академиялық қызмет департаментінің директоры Байгереев Самат Ракимгалиевич журналистердің сұрақтарына қонымды, толыққанды жауап берілді.

  Барлық фото