Аға буын мен жастардың диалог орнататын алаңының ашылуына студенттер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы Ерлан Жалмағамбетов, ректор Жасұлан Шаймарданов қатысты.

«Сана -сезімімізді өзгертуіміз қажет. Бүгінгі ашылып жатқан орталықтың пайдасы зор болмақ. Сіздердің студенттеріңіз белсенді, осы парсат жолымен алға жүріп, биік белестерді бағындыра берсін. Ел дамуы жолында ары қарай бірлесе жұмыс жасай берейік» - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департамент басшысы Ерлан Жалмағамбетов.

Руханият ошағы саналатын кітапханада өткен игі шарада бірегей жаңа жобаның мақсаты мен міндеті ортаға салынып, орталықтың алдағы жұмыс жоспары салтанатты түрде таныстырылды.

«Парасат жолы» орталығында жас оқырмандар адалдықты, әділдікті, парасаттылықты дәріптейтін Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Сәкен Сейфулин сияқты ұлы тұлғалардың туындыларымен таныса алады. Сонымен қатар, парасаттылық стратегиясы жазылған кітапшалар, сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған маңызды құжаттар жинақталған. Заманауи үлгіде жабдықталған университет кітапханасы базасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, жастарды рухани-адамгершілікке тә рбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауға арналаған электронды оқулықтар да жеткілікті.

Іс шара соңында «Саналы ұрпақ» клубы мүшелері «Иммунитет лабораториясында» жасалған «Парасатты тұлға» формуласымен таныстырды. Студенттер химиялық қосылыстарға адалдық, ар-ұят, әділдік, мейірімділік, адамгершілік т.б қасиеттер атауын бере отырып, парасатты адам формуласын ойлап тапты. Қара түс аққа айналған қосылыс, парасаттылық символы іспеттес.