Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің 200 ден астам студенттері мен оқытушылары Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған республикалық ағаш отырғызу акциясына қатысты. Облыс басшылығы, қала әкімі Ж. Омар және тағы да басқа адамдар қатысқан акция шеңберінде біздің студенттер 500 көшет отырғызды. Акцияның мақсаты – азаматтық қоғамның экологиялық шараларға қатысудағы белсенділігін арттыру және қаламызды жасылдандыруға неғұрлым көп адамдардың қатысуын қамтамасыз ету.