Биыл Қазақстан Республикасының Парламентінің қызметіне 30 жыл толады. Осыған орай, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті, Парламент депутаттарының қатысуымен жоғары оқу орындарында дәрістер мен «ашық сабақтар» өткізу жөнінде тапсырма берген болатын.
Осыған байланысты, бүгін, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллинаның, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамының қатысуымен екінші курс студенттері арасында ашық дәріс өтті.
Дәрістің тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Сайлау жүйесі», дәрісті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р. Айдарбаева жүргізді.
Раушан Қайсанқызы, сабақ барысында, сайлаудың негізгі қызметтері, принциптері, сайлау жүйелері және оның түрлері, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі жөнінде толық ақпараттар беріп өтті, дәріс презентация негізінде жүргізілді.
Мұндай ашық дәрістер, ең алдымен, жастар үшін, болашақ мамандар үшін аса маңызды. Әлі де қалыптасу үрдісіндегі жас санаға нақты саяси шындықтың мәнін түсінуге, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдары, саяси мәдениет бойынша нақты білім жүйесін қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді деген сенімдеміз.