Д. Серікбеав атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жыл сайынғы дәстүр бойынша, магистратура бағдарламасын тәмамдаған студенттерге диплом тапсыру салтанаты өткізілді. Бұл ерекше шарада оқу ордасының ғылыми-зерттеу және инновациялық бағыттағы жетістіктерін атап өтіп, білім алған жастардың болашақтағы жетістіктеріне сенім артады.

Салтанатты жиында университеттің әртүрлі факультеттерінен, оның ішінде Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі, Жер туралы ғылымдар мектебі, Сәулет құрылыс және энергетика мектебі, сондай-ақ Халықаралық инженерия мектебінің студенттері өз дипломдарын алды. Бұл академиялық бағдарламалар студенттерге жоғары деңгейдегі білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік беріп, олардың кәсіби өміріне жол ашты.

Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мектебі саласындағы Автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша Базыл Ертай, Вергуш Игорь Андреевич, Дүйсенбек Балжан Бақытбекқызы, Ермеков Арнұр Ермекұлы және Сәрсембаева Салтанат Сейітқанқызы үздік дипломдарымен марапатталды. Бұл мамандықты меңгерген түлектердің іргелі білімдері мен жаңа технологияларды игерудегі жетістіктері, әсіресе автоматтандыру және басқару саласындағы инновациялық шешімдерді іздеу үшін аса маңызды.

Жер туралы ғылымдар мектебі бөлімінде Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандығы бойынша диплом алғандар арасында Абдрахманов Ерасыл Қабидоллаұлы, Апсалямов Ерсин Болатович, Байқалов Айшуақ Қадылбекұлы, Жанәбілов Бекпау Мұратұлы, Валиева Анжелика Эдуардовна, Мубарак Темирлан Бауыржанович, Оралбеков Ерсұлтан Ерланұлы, Сайгушева Анастасия Александровна, Қалелов Ерасыл Толеутайұлы және Қуанышбеков Ермек Қанатұлы сынды дарынды жастар бар. Бұл түлектер геология саласындағы зерттеулер мен кен орындарын барлау ісіне маңызды үлес қосатын болады.

Бұдан басқа, Сәулет құрылыс және энергетика мектебінің студенттері де өз дипломдарын қолдарына алды. Олардың қатарында Құрылыс, Архитектура, Электр энергетика, Жылу энергетика, Автомобиль жолдары мамандығын меңгерген жастар бар. Бұл салада білім алған студенттер еліміздің инфрақұрылымын дамытуға және энергия үнемдеу мен тиімді пайдалану мәселелерін шешуге атсалысатын болады.

Халықаралық инженерия мектебі бағдарламасы бойынша да диплом алған түлектердің саны көп. Техникалық физика, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, Металлургия, Математика, Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Механика және металл өңдеу мамандықтары бойынша оқуын аяқтаған студенттер ел экономикасының әр түрлі салаларында жаңа белестерге көтерілуде.

Бұл сәт студенттер үшін үлкен қуаныш пен мақтаныш. Олардың алған білімдері мен дағдылары Қазақстанның техникалық саласында маңызды жетістіктерге жетуге көмектеседі. Университет түлектері өз мамандықтары бойынша әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар болып шығады деп сенеміз. Салтанатты жиынға түлектердің жақын адамдары келіп өмірінің ең айтулы сәттерінде қасынан табылды. Айта кететін жайт жүрекке жылу сыйлаған көріністі де көріп аңғардық. Түлектердің арасында біліммен қатар отбасы құрып балалы шағалы болғандарын да көзіміз шалып қалды.

Дипломдарын алған барлық студенттерге болашақта тек табыс, бақыт және кәсіби жетістіктер тілейміз!

  Барлық фото