2016 жылғы 09 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 25 жылдығына қарсы студенттік кәсіподақ ұйымы «25 жұлдыз» атты Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырып, өткізді. Жәрмеңкеге 25 студент қатысып, өздерінің қолөнер жұмыстарын келушілерге ұсынды.

Жәрмеңкеден жиналған ақшаның көлемі 12 200 теңгені құрады. Барлық жиналған ақшалар тұрмыс жағдайлары төмен балаларға көмек ретінде жіберіледі.