1. Былтыр ақылы оқуға түстім. Шартта жылына 346 600 төлеу керек деп жазылған. Естуімше биыл оқу құны жоғарылады. Бұл өткен, кейінгі жылдары түскен студенттерге қалай әсер етеді?

Жауап: Оқу құны 15% - ға өсті.

 


 

2. Мамандықтардың коддарын қайдан көруге болады?

Жауап: www.ektu.kz сайтының Онлайн талапкер бөлімінде бейіндік пәндер комбинациясынан көруге болады және Онлайн талапкер бөлімінде Бакалавриат бетіне бассаңыз, сол парақшаның оң жағында сілтемелерді көресіздер. «2020-2021 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін» басып, қажетті ақпаратты алуларыңызға болады.

 


 

3. Серпін бағдарламасы бойынша қандай мамандықтарға грант бөлінді?

Жауап: Онлайн талапкер бөлімінде Бакалавриат бетіне бассаңыз, сол парақшаның оң жағында сілтемелерді көресіз. 6-шы - «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы сілтемесінен оңтүстік өңірдің жастарына бөлінген білім беру тапсырысын көруге болады. Биыл Д. Серікбаев ат. ШҚТУ-ға жалпы саны 400 білім беру гранты бөлінді.