1. Мен колледжден кейін ЖОО түсейін деп отырмын. Қолымда ҰБТ сертификаты жоқ. Құжаттар тізбесінде ол қажет деп жазылған. Не істеу керек?

Жауап: Колледжден кейін оқуға түсушілер үшін ҰБТ сертификаты тек білім грантына үміткер болсаңыз ғана қажет. Егер сіз ҰБТ тапсырмасаңыз, колледжден кейін ұқсас мамандыққа біздің ЖОО қысқартылған оқуға түсе аласыз (3 жыл). Ол үшін әңгімелесуден өтсеңіз болғаны.

 


 

2. Биыл ШҚТУ-ға қанша грант бөлінді?

Жауап: www.ektu.kz сайтының Онлайн талапкер бөлімінде Бакалавриат бетіне бассаңыз, сол парақшаның оң жағында сілтемелер бар. 11 сілтемеде «2020-2021 оқу жылына білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесінен» көруге болады. Мұнда біздің университеттің қандай білім беру бағдарламаларының топтары бойынша конкурсқа қатысатыны көрсетілген (сары түспен ББТ (ГОП) және көк түспен біздің университеттің атауы белгіленген). Нақты бөлінген білім беру грантының саны жоқ.

 


 

3. Қос дипломды бағдарлама бойынша оқуға түссем, оқу процесі қалай құрылады? Серіктес университеттерге барып оқимыз ба?

Жауап: Оқу үрдісі сіздің таңдаған білім беру бағдарламасына байланысты құрылады. Шетелге шығып, яғни, серіктес университетке барып, оқисыздар. Оқу алдын-ала жасалған келісім бойынша жүзеге асырылады. Толық ақпаратты 87081916687, 87471203913 хабарласып алуға болады.

 


 

4. ШҚТУ-ға түсемін деп шештім, бірақ 50 баллдан төмен алып қалдым. Бірінші қыркүйектен оқуды бастап, жыл көлемінде ЕНТ тапсырып, қайтта түссем бола ма?

Жауап: Егер сіз 50 баллдан төмен жинасаңыз, онда ақылы оқуға құжаттарды тапсырып, тамыз айында қайтадан ҰБТ тапсыруыңыз қажет (тестілеуге өтініштер 25.07.20-01.08.20 аралығында ҰТО сайтында қабылданады). Егер тамыз айында да 50 балл жинай алмасаңыз, онда сізді шартты түрде ақылы оқуға университетке қабылдаймыз. Бірінші тамыздан бастап оқуыңызды бастайсыз, бірақ 2021 жылы қаңтар айында тағы ҰБТ-ны тапсыру керек.