Құрметті әріптестер!
Сіздерді "Дәстүр - сәнде" челленджіне қатысуға шақырамыз!
Біздің университеттің қызметкерлері мен студенттерін әр сәрсенбі сайын қазақтың ұлттық киімін немесе ұлттық стиль элементтерін киюге шақырамыз.
Бұл - мәдениетіміздің сұлулығы мен байлығын көрсетуге, дәстүрлерімізбен бөлісуге және бірлік пен мақтаныш рухын қалыптастыруға тамаша мүмкіндік.
Челленджге қосылыңыздар!
Құрметпен,
Тілдік құзыреттер орталығының қызметкерлері.
