2018 жылдың 26 қарашасында Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің энергетика факультетінің ұйымдастыруымен "Электр энергетикасындағы ақпараттық технологияларды дамыту" атты төртінші халықаралық ғылыми веб-семинарға Д. Серікбаев атындағы  Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті  қатысты. Веб-семинарға 6 елден: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Моңғолия, Германия қатысты.

Семинардың мақсаты: Электр энергетикасы саласындағы диссертациялық зерттеулер бойынша баяндамалар ұсыну және тәжірибе алмасу. Семинар тілі: ағылшын, орыс.

Ғылыми веб-семинарда ақпараттық технологияларды қолдану инновациялары, электр энергетикалық жүйелерде автоматтандыру және басқару мәселелері қарастырылды. Барлығы 7 баяндама тыңдалды. Әрбір баяндамадан кейін онлайн режимінде баяндамашыларға сұрақтар қойылды. Тыңдаудың қорытындысы бойынша үздік баяндамаларды «Ғылыми дәйексөздің Ресейлік индексі» ғылыми-өлшемдік базасына кіретін "Автоматика және бағдарламалық инженерия" ғылыми-техникалық журналында жариялану ұсынылды.

ШҚМТУ-нен энергетика факультеті және халықаралық жоғары техникалық мектеп Өскеменнің (ITPS OK) профессор-оқытушылар құрамы, магистранттары мен студенттері семинар тыңдаушылары болды.

Халықаралық жоғары техникалық мектеп Оскемен