2019 жылдың  25-қазанында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасы негізіндегі «Алтын бесік - Мұзтау» тарихи-өлкетанулық студенттік клубының мүшелері «Жастар жылын» алға тарта  отырып, Қазақстанның соңғы түсірген тарихи фильмі – «Томирис» киносына барды. Клуб мүшелігіндегі 19-БУК-1, 19-ГФМК, 19-КДК-1, 19-КДК-2, 19-БФК-1, 19-БМК-1 және 19-ГРК-1  топтарының  студенттері белгіленген шараға белсене қатысты. Аталған шараға бару оқу жылының басынан бастап жоспарланып, клуб мүшелері мен жетекшісінің еліміздің тарихын танудағы тиімді әдіс деп белгілеген еді.

Фильмді көру барысында клуб мүшелері туындыны аса қызығушылықпен қарап, Қазақстанның ежелгі кезеңінің тарихынан түсінік, көрініс ала білді. 2,5 сағатқа созылған фильмде сақ дәуірінің қоғамдық-саяси өмірі қамтылып, тарихи оқиғалар көрініс табады. Шара соңында студенттер тарапынан клуб жетекшісіне фильмде көрініс тапқан оқиғалар туралы қызықтырған сұрақтар қойылып, талдау жасалынды.

Сондай-ақ, жүзеге асрылған шара клуб мүшелері арасындағы қарым-қатынастың нығая түсіп, уақыттарын қызықты өткізулеріне себепкер болды. Бұл шара клуб мүшелерінің көңілінен шығып, алдағы уақытта осындай іс-шаралардың жалғасын таба беруін қалайтындықтарын білдірді.

«Алтын бесік - Мұзтау» клубының жетекшісі, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер» кафедрасының оқытушысы: Урюстюмова А.И.