24 сәуір күні «М.Әуезов атындағы № 17 мектебі» КММ акт залында Өскемен әкімінің орынбасары Ольга Булавкинаның, ШҚМТУ өкілдері, қалалық білім беру басқармасы мен «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен жалпықалалық ата-аналар жиналысы өтті. Кездесуге шамамен 500 адам қатысты.
Университетімізді «Мансап және кәсіби бағдар» орталығының директоры К.Сайполла, Кәсіби бағдар бөлімінің басшысы С.Трофименко және Жоғары техникалық колледжінің басшысы А.Хазиева таныстырды.
Кездесу тақырыбы - «Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында мамандарды даярлаудың артықшылықтары».
Қала әкімінің орынбасары Ольга Булавкина құттықтау сөз сөйлеп, отандық және аймақтық жоғары оқу орындарында кадрларды даярлаудың маңыздылығын атап өтті.
Мектеп түлектеріне техникалық білімнің, студенттердің академиялық ұтқырлығының, қос дипломды білім алудың және жалпы университеттің құрылымының артықшылықтары туралы баяндалды.
Айта кету керек, осы іспеттес іс-шара биылғы жылдың мамыр айының ортасына да жоспарланған.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі