Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың кәсіптік бағдарлау жұмысы аясында Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе 9-10 сынып оқушылары үшін конкурс өткізілді. Іс-шараға топ жетекшілері, медицина қызметкерлері және біздің университет өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты - жастарға болашақ мамандығын анықтауға жәрдемдесу және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету.
Жарыс шартына сәйкес оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы 3 бәсекелестік кезеңнен өтуі тиіс еді: алғашқы көмек, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелері және жүрек-өкпе реанимациясы. Қазылар алқасықұрамы медицина қызметкерлерінен құралды. Командалар өзінің визит карталарын ұсып, тапсырмаларды орындады.
Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды №46 орта мектебінің командасы, екінші орынды №2 Жаңа-Бұқтырма орта мектебі және үшінші орынды № 47 орта мектебі иеленді. Жеңімпаздар дипломдар мен кубоктармен марапатталды, ал жетекшілеріне шағын сыйлықтар берілді.
Жарыс соңында мамандар мұндай жағдайларда қалай алғашқы көмек көрсету керектігін баяндап, тәжірибе жүзінде көрсетті.
Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі