«Мансапты жоспарлау және дамыту апталығының» соңғы күндерінде «Тайм-менеджмент», «Стрессті басқару» және «Коучинг негіздері мен әдістері» тақырыптарында семинарлар, мастер-класстар және тренингтер өткізілді. «Тайм-менеджмент» сессиясы бойынша өткен мастер-класс ШҚМТУ кадр бөлімінің басшысы Татьяна Соловьеваның ұйымдастырылуымен өтті. Өз кезегінде, ол осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өіп, сондай-ақ болашақта осындай шараларды үнемі өткізуге ниет білдірді.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі