2015 жылғы 20-22 мамырда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті «Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау – тау-кен металлургиялық кешенін дамытудың түйінді мәселелері» атты IХ Халықаралық конференциясын және «Материалтануға және наноматериалдарға арналған келешекті технологиялар, жабдықтар және талдамалы жүйелер» атты XII халықаралық Қазақстандық-Ресейлік ғылыми конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты түсті және асыл металлдарды қазып өндіру, материалтану және жаңа материалдар саласындағы, сондай-ақ материалтану, микро, наноэлектроника үшін шығарылатын құрылғылардың, материалдарды құру және олардың құрамын зерттеу үшін талдау жүйесінің инновациялық технологиялары туралы ақпаратпен алмасу.

Халықаралық конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференция сайты: www.do.ektu.kz/conference/