Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ұжымы олимпиадаға қатысушыларды XXXI жазғы олимпиадалық ойындарының аяқталуымен құттықтайды. Біздің спортшылар Рио-де-Жанейрода түрлі жетістіктерімен, еңбектерімен 17 медальге ие болды. Қазақстан медальдік есепте 22-орында тұрақтады. Ойындарда Қазақстанның атынан барлығы 104 спортшы қатысты.
Ал, біздің жерлесіміз-жеңіл атлет спортшысы Ольга Рыпакова үш қарғып секіру бойынша финалда өнер көрсетіп, қола медальді жеңіп алды. Жарыста әйелдер арасындағы қарғып секіруден О.Рыпакова 14,74 метр нәтижесімен 3 (үшінші) орынға ие болды. Естеріңізге сала кетсек, Ольга Рыпакова 2012 жылғы Лондондағы Олимпиадада алдын ала раундта үш қарғып секіруден 14,79 метр нәтижесімен бірінші болса, ал, финалда 14,98 метр нәтижесімен алтын медальді жеңіп алған.
Әрине, мен қола медальді жеңіп алғаныма өте қуаныштымын, өйткені, осы жолы өте ауыр бәсекелестік және қарсыластарым да күшті болды. Төрт жыл тұрақты дайындық артта қалды. Көңіл-күйім, әрине, сан жақта. Ішімнен тағы біраз ұзаққа секіру керек еді, - деген ойлар да жоқ емес. Сөйте тұра, мен бұл алған медаліме қуаныштымын, - дейді О.Рыпакова.
Біздің спортшылар өздерінің олимпиадалық рекордтарын Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына арнап, төмендегідей сыйлық арнады. Елімізге баға жетпес сыйлық жасаған, еліміз мақтан тұтатын тұлғалар:
- Данияр Елеусінов – бокс;
- Дмитрий Баландин – суда жүзу;
- Нижат Рахимов – ауыр атлетика;
- Жазира Жаппаркүл – ауыр атлетика;
- Гюзель Манюрова – күрес;
- Аділбек Ниязымбетов – бокс;
- Елдос Сметов – дзюдо;
- Василий Левит – бокс;
- Ольга Рыпакова – жеңіл атлетика;
- Отгонцэцэг Галбадрах – дзюдо;
- Карина Горичева – ауыр атлетика;
- Дариға Шәкімова – бокс;
- Александр Зайчиков – ауыр атлетика;
- Иван Дычко – бокс;
- Фархад Харки – ауыр атлетика;
- Эльмира Сыздыкова – күрес;
- Екатерина Ларионова – күрес.
Құрметті спортшылар мен олимпиада чемпиондары, Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Біздің университет шын жүректен жеткен жетістіктеріңізбен құттықтап, елім деп өткен белестеріңізге рақмет айтады. Тек алға деген ұранмен әлі талай асуларды бағындыруға ниеттіміз. Біз Сіздерді мақтан тұтамыз.
Cурет http://yk-news.kz/sites/default/files/6960be4dd472d5d2f48ab8d94cf53ed8.jpg сайттан
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі