Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ делегация сапарының мақсаты Павлодар мемлекеттік университетінің қызметімен танысу және білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жолдарын талқылау. Делегация құрамында ректор Ж.Шаймарданов, проректор О.Гавриленко, декандар М.В. Дудкин, Т.Рыспаев,  Н.Ф. Денисова,  PR және маркетинг орталығының жетекшісі А.Закимова, техникалық ғылымдар кандидаттары О.В.Руденко, С.В. Плотников, Н.А. Куленова, академиялық қызмет басқармасының басшысы Г.Ж.Солтан, Жоғары техникалық колледжінің директоры Ж.Д.Назбиев болды.

ШҚМТУ делегациясы ресми кездесуден кейін С.Торайғыров атындағы ПМУ зертханаларын және археологиялық музейді аралады.

Сондай-ақ, қонақтарға жақында ашылған стартап-академиясын көрсетті, стартап университеттің толық кәсіпкер университет болуына  мүмкіндік беретін жоба.

Анықтама: Халықаралық Стартап академиясы 2030 жылға дейінгі өңірді дамыту стратегиясына сәйкес С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында ашылған. Білім беру мекемесінің қызметі студенттік және оқытушылық кәсіпкерлікті ынталандыруға, сондай-ақ ғылыми және зерттеушілік жобаларды коммерцияландыруға бағытталған. Қазіргі уақытта академия таяу және алыс шет елдердегі бизнес өкілдерімен іскерлік байланысты жолға қойды.

Кездесу барысында екі университет арасында бірлескен ғылыми-зерттеу зертханалары, уақытша ғылыми-зерттеу ұжымдары саласында түрлі зерттеу жобаларын, студенттердің академиялық мобильділіктерін, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамаларын, университет базасында кәсіби практикадан өтуін, халықаралық білім беру және ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысуын жүзеге асыру үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі