Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Нұрлан Темірбеков пен  Омбы мемлекеттік сервис институтының ректоры Дмитрий Маевский екі ЖОО-ның ынтымақтастығы жөнінде келісімге қол қойды.

Нұрлан Темірбеков ШҚМТУ-дың бірқатар шетелдік серіктестіктері барын атап өтіп, жаңа ынтымақтастық соны перспективалар ашарына сенім білдірді. Ректорлар қол қойылған келісім жемісті боларына, оның жүзеге асуы жақсы нәтиже береріне үміт артты.