Ұлан ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Инжиниринг» студенттік конструкторлық - технологиялық бюросы «Тырналар» стеласының конструктивтік бөлімінің жобасын жасады. Стела Қасым Қайсенов кентіндегі Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері паркіне қойылды.
Ескерткіштің конструктивтік шешімінің бірегейлігі авторлардың сәулеттік көркемдік орындауында.Оның негізі биіктігі 17 және 15,5 метрлік екі мұнарадан тұратын металл конструкциясы болып табылады. Олар стеланың қанатын ұстап тұрады.
Жобаны іске асыру барысында оның сызбалары Өскемен металл конструкциялары заводында сараптан өтіп, құрылыс барысында мәселелер шешіліп отырды.
Жобаның инженерлік бөлімінің жобасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне ақысыз жасалды.
Жобалардың ғылыми жетекшісі құрылыс кафедрасының профессоры Александр Хапин, орындаушылар кафедраның студенттері мен магистранттары Жарқын Құмарбеков, Дархан Жүрсінов, Мақсат Уәли болды.
Болат Махиев, құрылыс кафедрасының меңгерушісі,
«Инжиниринг» СКТБ директоры