Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да студенттер арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған «Sanaly urpaq» клубының онлайн мектебінің тыңдаушыларына сертификат тапсыру рәсімі өтті. Онлайн мектеп ағымдағы жылдың қаңтар айында жұмысын бастады. Осы уақыт аралығында бұл мектептен 50 студент білім алды.
Сертификат тапсыру рәсімін университеттің бірінші проекторы Сауле Рахметуллина ашып, студенттерді құттықтады. Онлайн шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Токушев және Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ШҚО бойынша филиалының аға оқытушысы Гульфия Берекполова қатысты. Сонымен қатар, «Саналы ұрпақ» онлайн мектебінің оқытушылары да арнайы дипломдармен марапатталды.
Бүгінгі күні ШҚТУ-да «Саналы ұрпақ» клубы білім беру жүйесінде туындайтын сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен академиялық адалдықты қалыптастыру жолында жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Жыл басынан бері аталған клуб студенттерді рухани-адамгершілік тәрбиемен азықтандыруға және азаматтық-патриоттық белсенділікті арттыруға бағытталған шараларды іске асырып, жастар арасында жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда бірқатар бастамаларды жүзеге асырды.
Студент жастар «Саналы ұрпақ» клубына мүшелік ету барысында жемқорлық індетінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысып, ашықтыққа негізделген адал қоғамды құруға ат салысады.