Биыл ұлы ағартушы, педагог, ғалым, этнограф Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толып отыр. Осыған орай жазушының шығармашылығын насихаттау мақсатында, 2021жылдың 28 қазанында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Жоғары IT-колледж , 7-ОД-1к топ студенттері арасында «Даланың дара ұстазы» атты іс-шара өтті.

Мақсаты: Жазушы Ы.Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Бұл іс-шарада студенттерге жазушының өмірбаяны айтылды, шығармаларымен таныстырылып, көрмедегі кітаптарына шолу жасалды. Шәкірттер іс-шараға белсенді түрде қатысып, өлеңдерін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап беріп, өзіндік құнды ой-пікірлерімен бөлісті.