2016 жылғы 30 тамыз күні Өскемен қаласының тұрғындары Қазақстан Республикасының Конституциясы Күнін атап өту үшін Республика алаңында жиналды. Бұл күні Өскемен қаласының тұрғындары мен қала қонақтары театрландырылған қойылымдар, спорттық іс-шаралар, жәрмеңкелер мен жергілікті суретшілердің көрмелерін, еңбек ұжымдарының шеруін тамашалады.    

День Конституции Республики Казахстан

Алаңда жиналған қауымды облыс Әкімі Даниал Ахметов еліміз үшін маңызды күннің бірі Конституция күнімен құттықтады. - Еліміздің негізгі заңы «Біз, Қазақстан халқымыз» сөздерінен бастау алады. Олардың негізгі құндылығы -  ел халқының көпэтносты, көпконфессиялы бірлігі. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың айтуы бойынша, Конституция бізге таңдау құқығын берді, - деді өз сөзінде Д.Ахметов.  

Алаңда олимпиадалықтарды қарсы алу және оларға құрмет көрсету мерекенің негізгі бөлігі болды. Облыс басшысы Даниал Ахметов спортшыларды құттықтап, жылы лебіз білдірді. Үш қарғып секіруден қола медаль иегері Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің кілті және 50 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сый табысталды. Төртінші орынды жеңіп алған зілтемірші Денис Улановқа екі бөлмелі пәтердің кілтін сыйласа, Шығыс Қазақстан облысының атынан Олимпиадаға қатысқандарға облыс әкімінің жылдық стипендиясына сертификаттар берілді.

Соңынан, алаңда мерекелік концерт пен сауда басталып кетті.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі