Сəуір айы Геология жəне тау-кен ісі кафедрасы үшін көңілді мерекеден басталды. Аталмыш мерекені атап өту - университетіміздің жыл сайынғы дəстүріне айналып үлгерді. Мереке Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың 60 жылдығына орайластырылды.
Жер туралы ғылымдар факультетінің деканы Зухра Тунгушбаева қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі.
- Меніңше, геология - жай ғана мамандық емес, бұл өмір сүру салты,- деп атап өтті.
Көптеген жылдар бойында Геология жəне тау-кен ісі кафедрасының студенттері "кəсіби" мерекелерін тойлатып келеді.
Геологтар күніне орай студенттер кафедра оқытушылары мен білім алушыларына арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бағдарламада студенттік өмірден алынған қызықты көріністер мен геология жайында əндер айтылды.
Сондай-ақ, бірінші курс студенттеріне арналған сайыс ұйымдастырып, кішігірім сыйлықтармен марапаттады.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі