16-22 мамыр аралығында Самарқанд және Ташкент қалаларында Өзбекстандағы «қазақстандық білім күндері» тақырыбындағы көрме өтті. Аталған шарада университетіміздің атынан ДИиМС маманы Д.Асқарова болды.
Көрме мақсаты - Қазақстанның Орталық Азиядағы білім беру Хабы болуы аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға Өзбекстаннан абитуриенттер мен студенттер тарту.
Көрме Өзбекстан Республикасындағы елшіліктің, Самарқанд облысы хокимиятының, Өзбекстандағы республикалық Қазақ ұлттық мәдени орталығындағы білім және ғылым бөлімінің қоладуы негізінде ұйымдастырылды.
Өзінің құттықтау сөзінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті Зульфия Төребекова бұл үш күндік көрме Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы білім беру саласы бойынша екіжақты әріптестікті нығайта және кеңейте түсуге үлкен үлесін қосатынын тілге тиек етті. Еліміздегі алдыңғы қатарлы 15 жоғары оқу орнының өкілдері студенттерге жасалар жағдай мен келешекте Қазақстанда білім алу мүмкіншілігі турасында сөз өрбітті.
Көрме барысында қатысушылар университетке онлайн қатынау тұрғысында қызығушылық танытты. Себебі, бүгінгі күнгі жастар мәліметті түрлі ақпарат көздерінен алуға дағдыланған.
Өз кезегінде, магистранттар мен докторанттар ШҚМТУ-дың ғылыми-зерттеу, өндіріс базасына ерекше қызығушылық танытты. Мұндағы мақсат - біздегі білім ордасында тәжірибеден, тағылымдамадан өту және жоғары оқу орнының ППС кеңесі көмегін ала отырып диссертация және ғылыми жұмыс жазу болатын.
Жұмыс сапары нәтижесінде көрмедегі 73 қатысушы бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларындағы «Медициналық техника», «Экономика», «Энергетика», «Ақпараттық технологиялар» және тағы басқа мамандықтар бойынша университетімізге оқуға түсуге ниет білдірді.
21 мамырда Д.Асқарова Ташкент қаласында болды. Аталған қалада ол 3 жоғары оқу орнының проректорларымен кездесіп, екіжақты әріптестік мәселелері тұрғысында әңгіме өрбітті.
Әңгімелесу барысында ШҚМТУ-ға түскісі келетін абитуриенттер мен студенттер пулы құрылды. Сонымен қатар, Самарқанд мемлекеттік университетімен, Ислам Кәрімов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетімен және Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетімен әріптестік туралы драфт келісімге қол жеткізілді.
Мұнымен қоса, тараптар біздің жоғары оқу орын атынан Өзбекстандағы республикалық Қазақ ұлттық мәдени орталығының білім және ғылым бөлімі төрағасының орынбасары Клара Садырбаеваға қайталап ресми сенміхат белгілеу мүмкіндіктерін талқылады. Бұл жайт Өзбекстандағы абитуриентердің аса көп мөлшердегі құжаттарын қабылдауға мүмкіндік береді. Себебі, ол және оның әріптестері Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарын таныстыру бойынша білім беру көрмелерін Өзбекстанның барлық дерлік қалаларында ұйымдастырады.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі.