2025 жылғы 29 қараша күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің «Еркін сөз» дебат клубының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» нарративі аясында қалалық дебат турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты: зияткерлік әлеуеті мен шығармашылық потенциалы жоғары жастардың басын біріктіру арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерге назар аударту, еліміздің белсенді жастарының «Заң мен тәртіп» тақырыбы төңірегіндегі ойларын бір арнаға тоғыстыру.

Турнирге Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Жоғары медициналық колледж, Жоғары ҚАЕУ колледжі, Жоғары политехникалық колледж студенттері мен Назарбаев Зияткерлік мектебі және №35 орта мектептің оқушылары қатысты. Барлығы 16 фракциядан 32 спикер додаға түсті.

Университетіміздің түлектері және дебат клубымының аға буын өкілдері төрелік етіп, ойынның әділ өтуін қамтамасыз етті.

Турнир қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен, жеңімпаздар диплом және кубоктармен мапапатталды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыстарын білдіріп, пікірсайыс өнерін дамытуға қосқан үлестері үшін ризашылықтарын жеткізді.